Джейдон Санчо "Манчестер Юнайтедтің" WhatsApp тобынан шығарылды
PA/Reuters
Ағылшындық футболшының болашағы күн өткен сайын қиындап барады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Джейдон Санчоға "Манчестер Юнайтедпен" жаттығуға және клубтың кез келген нысандарын пайдалануға тыйым салынады.
Бас бапкер Эрик тен Хаг пен қызметкерлер бірінші команда ойыншыларына негізгі ақпаратты жіберу үшін хабар алмасу платформасын пайдаланады.
Бірақ Санчоға командамен жаттығуға, тіпті, команда асхананысын пайдалануға тыйым салынады.
23 жастағы Санчо қыркүйек айында "Арсеналдан" 3-1 есебімен жеңіліп қалғаннан кейін басталған сөзге келіп, жаттығудан тыс қалдырылды.
"Қызыл шайтандардың" бапкері Тен Хэг оның дайындығы тиісті деңгейде емес екенін айтқан болатын.
Бірақ Санчо әлеуметтік желіде "мен адамдарға өтірік нәрселерді айтуға жол бермеймін, мен осы аптада жаттығуда өте жақсы болдым" деп жазған еді.
Санчо постты алып тастағанымен, Тен Хэгтен кешірім сұрамады.
Қызметкерлер мен командаластар 2021 жылдың шілдесінде Дортмундтың "Боруссиясынан" 73 миллион фунт стерлингке ауысқан Санчоны шегінуге шақырды, бірақ ол бас тартты.