"Барыс" пен "Ак Барс" төрт күнде екінші рет кездеседі

Хоккей

ХК "Барыс"

Бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті ойынын өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz.

4 қарашада «Барыс» Қазан қаласында «Ак Барспен» кездесіп, 5:3 есебімен қарсыласына жол берді.

Дегенмен ойынның бірінші кезеңінде қазақстандық ұжым Понтус Оберг, Давид Скленичка мен Джозеф ЛаБейттің голдарының арқасында 3:0 есебімен алда келе жатқан еді.

Алайда «Ак Барс» қалған уақытта жауапсыз бес нәтижелі соққы жасап, жеңіске жетті.

Ойын барысында «Барыс» қақпашысы Андрей Шутов 31 соққыға тойтарыс берді.

Кездесу «Барыс Арена" мұз сарайында Астана уақыты бойынша сағат 19: 30-да басталады.

Тікелей эфирді Qazsport телеарнасынан көре аласыздар.