Франциядағы спорт дүкені тауарларды ұрлауға рұқсат берді
Gettyimages.ru/Alex Livesey/Getty Images for European Athletics
Франциядағы спорт дүкені сатып алушыларға тауарларды ұрлауға рұқсат берді. Бірақ, ол үшін күзетшіден қашу керек. Қауіпсіздік қызметкері - осы елдің мықты спринтерлерінің бірі саналатын Микаэль-Меба Зезе, деп sports.ru порталына сілтеме жасап bassport.kz хабарлайды.
Акция Rob it to Get it ((бірдеңе алу үшін – оны ұрлау керек) ұранымен өтті. Дүкенде әртүрлі өнімдерге осы ұран жапсырылған заттарды ғана ұрлауға рұқсат етілген.
Зезе желаяқ спорты. Оның 100 метрдегі жеке рекорды 9,99 секунд. Дүкен мен спортшының мақсаты - өздеріне назар аударту болды. Спринтер 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға қатысу үшін ақша жинап, демеушілер іздеп жүр.
Осы идея Зезаға балалық шағындағы достарымен қуаласпақ ойнаған кезін еске салды. Акцияның тұжырымдамасы мамыр айында дайын болған екен. Бірақ желаяқ турнирлерге қатысып жүргендіктен бос уақыты болмай, тек күзде ғана қолы босаған.
Дүкен бір уақытта көп адам келіп, абыр-сабыр бола ма деп акция туралы жарнаманы алдын ала жасамапты. Бір күнде келушілер заттарды 76 рет ұрлап, қашуға тырысыпты. 74 рет Зезе қашып кеткендерді ұстады. Бірақ екі сатып алушы олжамен кетіп қалды.
Акциядан кейін шаршаған Микаэль массажға барып, мұз ваннасын қабылдады.
"Бұл өте ұзақ күн болды", – деген екен.
Ал келесі күні таң атысымен ол жаттығуға аттанды. Өйткені алда үлкен мақсат - олимпиадаға іріктеу тұр.