Данияр Елеусінов қолғабын аукционға қойып, Палестинаға көмектеспек

Данияр Елеусінов қолғабын аукционға қойып, Палестинаға көмектеспек
Бокс

Бокстан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов бокс қолғабын аукционға қоятынын айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ол Рио Олимпиадасын жеңген қолғабын аукцион арқылы сатып, түскен ақшаны Палестина халқына көмекке бермек.

Ассалаумағаелейкум, қазақ елі. Рио төрінде жеңіске жеткен қолғабымды аукционға қоймақшымын. Одан түскен ақшаны жазықсыз жапа шегіп жатқан Палестина халқына гуманитарлық көмек ретінде беремін, -дейді Данияр Елеусінов. Осы аптаның соңында онлайн аукцион ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Израиль мен ХАМАС арасында ондаған жылдар бойы шешілмеген кикілжің тағы бір қақтығысқа ұласты. Бұл кикілжіңге сыртқы күштер де тартылып, Таяу Шығыстың тұрақтылығына қауіп төнді.