Гарри Кейн қонақ үйде 1 млн фунт стерлинг жұмсады
Футбол
Getty Images
«Бавария» шабуылшысы Гарри Кейн отбасымен бірге Мюнхендегі қонақ үйде тұрып жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz.
Футболшы осы уақыт аралығында 1 млн фунт стерлинг жұмсап тастаған. Дереккөз мәліметінше, ағылшын шабуылшысы мюнхендік клубқа ауысқалы бір түнге 10 мың фунт стерлинг төленетін қонақ үйде тұрып жатыр.
Еншісінде 12 голы бар Кейн биылғы маусымда Бундеслигадағы сұрмергендер арасында екінші орында келеді. Биылғы турда 30 жастағы ағылшын Бундеслигадағы алғашқы 10 матч қорытындысы бойынша абсолютті рекордшы атанған.