«Алтын доп»: Роналду дауыс беруден қалыс қалды
©instagram.com/cristiano/
Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду «Алтын допты» табыстау рәсімінен соң тағы көпшілік назарына ілікті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Sportskeeda.com мәліметінше, Роналду 21 жасқа дейінгі ең үздік ойыншыға берілетін «Копа Трофи» иесін анықтау кезінде дауыс беруден қалыс қалған.
France Football журналы бұл номинацияда үздікті анықтауды бұрынғы «Алтын доп» иелеріне тапсырған. «Алтын доптың» бес дүркін иесі Криштиану «Копа Трофи» үшін дауыс беруге құқылы еді, бірақ ол бұл мүмкіндігін пайдаланбаған. Белгілі болғандай, португалиялық француз басылымының бұл өтінішіне бірнеше жылдан бері қатыспай келеді.
Нәтижесінде «Копа Трофи» «Реалдың» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингемге бұйырды. Ол бұл трофейді алған ағылшын футболшысы атанды.