«Лутон» мен «Ливерпуль» тең түсті (ВИДЕО)

«Лутон» мен «Ливерпуль» тең түсті (ВИДЕО)
Футбол

Dynamo.kiev.ua

Ағылшын чемпионатының 11-ші турында "Ливерпуль" сырт алаңда "Лутон Таун" командасымен тең түсті, деп хабарлайды bassport.kz.

Ойын барысында басымдылық "Ливерпуль" ойыншыларында болғанымен есепті алаң иелері ашып кетті. Кездесуге тыңнан қосылған Тахит Чон "Лутонды" алға шығарды. Алайда матчтың 95-ші минутында "Ливерпуль" шабуылшысы Луис Диас таразы басын теңестіріп кетті. 

"Ливерпуль" осы ойыннан кейін 24 ұпаймен турнирлік кестеде үшінші орында келеді. Ал, қоржынында алты ұпайы бар "Лутон" 17-орында тұр.