Қазақстандық хоккейшілер екінші рет оңбай ұтылды

Хоккей
Бүгін, 4 қарашада, хоккейден Қазақстан жастар құрамасы (U-20) Санкт-Петербургте өтіп жатқан “Болашақ кубогында” екінші рет жеңіліс тапты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Сергей Старыгин шәкірттері Ресей жастарынан (U-18) 1:9 есебімен ұтылды. Жерлестеріміздің сапынан жалғыз шайбаны 60-минутта Егор Смольянинов соқты.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы (U-20) бұл турнирде Ресей (U-20) құрамасына есе жіберді - 1:12.
Енді 6 қарашада қазақстандық хоккейшілер Беларусь хоккейшілерімен (U-20) кездеседі.