Нойер спорттық карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Нойер спорттық карьерасын қашан аяқтайтынын айтты
Футбол

Sportbox

Мюнхеннің "Бавария" клубы мен Германия құрамасының қақпашысы Мануэль Нойер спорттық карьерасын аяқтауға асықпайды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Bayern & Germany мәліметінше, 37 жастағы қақпашы тағы кемінде екі-үш жыл өнер көрсетуге ниетті. Айта кетейік, Нойер аяғын сындырып алып, жақында ғана алаңға оралды.

Нойер "Бавария" қақпасын 2011 жылдан бері қорғап келеді. Оның клубпен қазіргі келісімшарты келесі жылдың маусым айында аяқталады. Ал қақпашының трансферлік құны 5 млн еуроға бағаланған.

Биылғы маусымда ол Бундеслигада бір ғана матчқа қатысты.

Нойер мюнхендіктер сапында талай рет Германия чемпионы атанған. Екі рет Чемпиондар лигасында топ жарған, ал 2014 жылы әлем біріншілігінде жеңімпаз атағына иелік етті.