Қазақстан кубогының финалы 13-рет Астанада өтеді

Қазақстан кубогының финалы 13-рет Астанада өтеді
Футбол

4 қараша күні Қазақстан кубогының финалдық матчында «Ордабасы» мен «Тобыл» кездеседі, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ел кубогы осымен 31-рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейінгі 30 финал бес қалада – Алматы, Астана, Тараз, Шымкент және Ақтөбеде өткен.

Астанада финал 13-рет, ал «Астана-Арена» стадионында 11-рет ұйымдастырылмақ.

Финал ең көп өткен қала – Алматы. 1992 жыл мен 1999 жылдар аралығында 7 финал қатарынан оңтүстік астанада өткен.