Бүгін "Барыс" сырт айдында "Автомобилист" командасымен кездеседі

Бүгін
Хоккей

"Барыс" ХК

Бүгін, 2 қарашада, Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясында Екатеринбургте "Автомобилист" - "Барыс" матчы өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

"Автомобилист" - "Барыс" матчының тікелей көрсетілімі Астана бойынша сағат 20:00-де басталады.

Ойынды "Qazsport" телеарнасында көруге болады.

"Барыс" 26 матчтан кейін 21 ұпай жинады, ал "Автомобилист" қоржынында 30 ұпай бар.

Астаналықтар соңғы матчында қонақта Магнитогорск қаласының "Металлургінен" 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстандық команда үшін бұл қатарынан төртінші жеңіліс болды.

"Автомобилист" болса, Бейжіңнің "Куньлунь Ред Стар" командасын 3:0 есебімен жеңді.