«Ақтөбенің» бас бапкері болып 29 жастағы маман тағайындалды

Хоккей
Александр Поляков «Ақтөбе» хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Ол қызметіне 1 қарашадан бастап кірісті.
Бұған дейін 29 жастағы маман ақтөбеліктердің жастар құрамасын баптаған.
Ойыншы ретінде «Арыстан», «Горняк» және «Казцинк-Торпедо-2» командаларында өнер көрсетті.