«Барыс» Ресейде «Металлург» командасына есе жіберді

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Биыл елордалық клуб сәтсіз ойнауға мәжбүр. Турнир кестесінде «Барыс» 25 ойыннан кейін 21 ұпаймен 20-орында тұр.
Ал «Металлург» 26 ойыннан кейін 32 ұпаймен 5-орынға орналасқан.
Осы ойын барысында қазақстандық команда алғашқы болып есеп ашты.
Ойынның 11-минутында Аркадий Шестаков мергендік танытты.
Ал «Металлург» сапынан 25-минутта Макар Хабаров таразы басын теңестірсе, 43-минутта Егор Коробкин өз командасын алға шығарды.
Олардың қатарынан Алексей Маклюков 54-минутта көздеген нысанадан мүлт кетпесе, қазақстандық командадан Кирилл Савицкий қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.
Елордалық клуб енді 2 қарашада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен шеберлік байқасады.