Мохамед Салахтың "Ливерпульдегі" болашағы белгілі болды

Мохамед Салахтың
Футбол

"Ливерпуль" Мохамед Салахты жаңа құрамында сақтап қалуға ниетті, деп хабарлайды BasSport.kz.

DeadlineDayLive мәліметінше, "қызылдар", қандай қаражат ұсынылса да, мысырлық шабуылшыны қысқа маусымда сатпайды. Сондықтан Салах маусым аяқталғанша "Ливерпульде" қалатыны белгілі болды.

Бұған дейін Сауд Арабиясының "Әл-Иттихад" клубы "Ливерпульге" мысырлық футболшы үшін 170 млн еуро ұсынғаны мәлім болған.