Бүгін "Барыс" ресейлік "Металлург" командасымен кездеседі

Бүгін
Хоккей

"Барыс" ХК

Бүгін Магнитогорск қаласында Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясында "Металлург" астаналық "Барысты" қабылдайды, деп хабарлайды Bassport.kz.

"Металлург" - "Барыс" матчы Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады.

Ойынды тікелей эфирде "Qazsport" телеарнасында көрсетеді.

25 матчтан кейін "Барыс" активінде 21 ұпай бар.

"Металлургтің" 26 ойыннан кейін 32 ұпайы бар.

"Барыс" өзінің соңғы матчында Нижний Новгород қаласының "Торпедо" командасына 2:1 есебімен жеңілді.

Ал "Металлург" қонақта Тольятти қаласының "Лада" командасына (3:4) есе жіберді.

Айта кетейік, "Металлург" ҚХЛ-да қатарынан 5 матчта, "Барыс" 3 матчта жеңіліп келеді.