«Барыс» хоккейшісінің аяғын коньки тіліп кеткен

«Барыс» хоккейшісінің аяғын коньки тіліп кеткен
Хоккей

«Барыс» хоккей клубының қорғаушысы Кирилл Полоховтың неліктен айдынға шықпағаны белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бас бапкердің міндетін атқарушы Ғалым Мәмбеталиевтің сөзіне қарағанда, хоккейші аяғын жарақаттап алған.

Бүгін коньки тебу кезінде оның аяғын коньки тіліп кетті. Жарасын төрт жерден тікті. Аяғы ісіп, коньки киюге жарамады. Жеті қорғаушы ойнауына тура келді. Оған қоса, өткен ойында Савицкий Мұратовпен соқтығысып, ол да басын ауыртып алды. Артынша өзіне келіп, үшінші кезеңде ойынға оралды, - деді Ғ.Мәмбеталиев