«Барселона» өз алаңында «Реал Мадридтен» ұтылды

«Барселона» өз алаңында «Реал Мадридтен» ұтылды
Футбол

LiveSport.Ru

Испания чемпионатының 11-турында «Барселона» мен «Реал Мадрид» арасында «эль-класико» өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Кездесуде есепті алғаш болып алаң иелері ашты. «Реал» ойыншылары қорғаныста қателік жіберіп, оны Илкай Гюндоган өз пайдасына іске асырды. Осылайша «Барселонадағы» алғашқы голын соқты.

Үзілістен соң «Реал» жинақы ойын өрнегін көрсетіп, таразы басын теңестірді. 68-минутта ағылшын Джуд Беллингемнің алыстан соққан добы қақпадан табылды. Ал 92-минутта Беллинген дубль авторы атанды.

Осылайша қонақтар жеңіске жетіп, біріншіліктегі көшбасшылықты өздеріне қайтарды. Қазір «Реалда» 28 ұпай бар, ал каталониялықтар 24 ұпай еншілеген.