Мохамед Салах рекорд жаңартты

Мохамед Салах рекорд жаңартты
Футбол

BBC

Мохамед Салах ағылшын клубы сапында еурокубоктарда соққан гол саны бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды BasSport.kz.

"Ливерпуль" ойыншысы Еуропа лигасының аясында "Тулузаға" қарсы матчта гол соғып, "қызылдар" 5:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша мысырлық футболшы еурокубоктардағы 43-голын соқты. Бұл көрсеткіш бойынша ол еурокубоктарда ағылшын клубы үшін соққан голдар саны бойынша рекордшы атанды.

Бұған дейін еурокубоктарда бір ағылшын командасы үшін соққан голдар саны бойынша рекорд Тьерри Анриге тиесілі болатын. Ол «Арсенал» сапында 42 голмен ерекшеленген. Үздік үштікті 40 голмен бұрынғы «Манчестер Ситидің» бұрынғы шабуылшысы Серхио Агуэро қорытындылаған.