Алғаш рет қазақ қызы Grand Slam-да күміс жүлде алды

Алғаш рет қазақ қызы Grand Slam-да күміс жүлде алды
Дзюдо

Алғаш рет қазақ қызы дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінде күміс жүлде еншіледі, деп хабарлайды BasSport.kz.

Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) Әбу Дабиде өткен Grand Slam-да финалға дейін жетті. Отандасымыз финалда португалиялық Рушель Нуньеске есе жіберді.

Қазақ қызы жарыс кезінде 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде барлығы 4 кездесу өткізді. Іріктеу кезеңінде Ивана Сутало (Хорватия), Джованна Сантосты (Бразилия) айқын басымдықпен ұтып, өз тобынан үздік шықты. Ал жартылай финалда Ерика Симонеттиден (Италия) басым түскен болатын. Айта кетерлігі, Камила Берліқаш Қазақстан дзюдо тарихында дзюдодан әйелдер арасында Grand Slam жарысының финалына шыққан тұңғыш қазақстандық дзюдошы атанды. (Осыған дейін Grand Slam кезеңінің финалынында Қазақстан құрамасынан тек Галбадрах Отгонцэцэг (2016) күрескен)