Grand Slam: дзюдошы Камила Берліқаш финалға шықты

Дзюдо
ҚР ҰОК
Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Камила Берліқаш Әбу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.
78 келі салмақта жартылай финалда ол италиялық Эрики Симонеттиден басым түсті. Жерлесіміздің қарсыласы үш ескерту алып, Берліқаш автоматты түрде жекпе-жектің жеңімпазы атанды.
Енді қазақстандық дзюдошы финалда ресейлік Элис Старцева немесе португалиялық Рошель Нуньестің қай жеңгенімен кездеседі.