Иван Дычко Баходир Жалоловты жеңетінін мәлімдеді
Бокс
Қазақстандық боксшы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Иван Дычко өзбекстандық Баходир Жалоловты жеңе алатынын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қазақстан Өзбекстанға қарсы деген сияқты ауызша қарсыласуды ұнатпаймын. Жалоловты бірнеше рет ұтқанмын, қажет болса, мұны тағы бірнеше рет қайталай аламын. Қазір оның күші артқан, тәжірибесі де молайды, бірақ мен үшін ол сол баяғы Баходир Джалолов болып қала береді, – деді Дычко.
Әуесқой бокста Дычко Жалоловпен өткен төрт кездесудің бәрін өз пайдасына шешкен.
Қазір екеуі де кәсіпқой бокста өнер көрсетеді. Қазақстандық 13 рет жеңіске жетсе, соның 12-сін нокаутпен аяқтаған. Ал өзбекстандық 13 жекпе-жегінің барлығын нокаутпен жеңген.