Баходир Жалолов шаршы алаңға қашан шығатыны анықталды

Баходир Жалолов шаршы алаңға қашан шығатыны анықталды
Бокс

©twitter.com/BakhodirJalolov

Аса ауыр салмақта бокстасатын өзбекстандық Баходир Жалолов (13-0, 13 КО) кәсіпқой бокстың шаршы алаңына 17 қараша күні Ташкентет шығады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жалоловтың қарсыласы – оңтүстікафрикалық Крис Томпсон (12-5-1, 7 КО). Ол көпшілік арасында «Қасқыр» лақап атымен танымал.

Баходир Ханчжоуда өткен Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған. Финалда ол жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаевтан басым түсті. Осы ойындардан соң ол шаршы алаңға алғаш рет шықпақ.

Бұған дейін ол кәсіпқой бокста 26 тамызда бағын сынады. АҚШ-та өткен жекпе-жекте нигериялық Онориоде Эхвариемені (20-3, 19 КО) бірінші раундта нокаутпен ұтқан.