Месси «Барселонамен» қоштасу матчын өткізеді

Месси «Барселонамен» қоштасу матчын өткізеді
Футбол

Sport.Ru

Аргентина құрамасы мен «Интер Майами» шабуылшы Лионель Месси бұрынғы клубы «Барселонаның» алаңы «Камп Ноуда» қоштасу матчын өткізеді.

Бұл туралы каталон клубының спорт директоры Деку Marca басылымына берген сұхбатында айтты.

Месси «Барселона» сапында міндетті түрде қоштасу матчын өткізеді. Бірақ қашан екені белгісіз. Бәлкім «Камп Ноуда» күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін шығар, – деді Деку.

Месси «Барселона» намысын сапында 2003-2021 жылдар аралығында қорғады. Биыл жазда АҚШ-тың «Интер Майами» клубының қатарын толықтырды.