Екі клуб ФИФА-дан өтемақы алады
championat.com
«Альмерия» мен «Сельта» ФИФА-дан өтемақы алады, деп хабарлайды BasSport.kz. Себебі екі клубтың ойыншылары өз құрамалары сапында өнер көрсетіп жүріп ауыр жарақат алып қалған.
Mundo Deportivo мәліметінше, испаниялық «Альмерия» мен «Сельта» ФИФА клубтарын қорғау бағдарламасына сәйкес өтемақы алады, егер олардың футболшылары келесі жылдың 31 шілдесіне дейінгі халықаралық матч күнтізбесінде белгіленген күндерде өткізілетін ұлттық ойындар кезінде жарақат алса, клубтарға өтемақы төленеді. Бағдарламада әр жарақат алған футболшы үшін € 7,5 миллион қарастырылған. Бұл сома жыл бойы төленеді, күн сайын клубтың шотына 20 548 еуро түсіп отырады.
Айта кетейік, Джозеф Айду Гана құрамасында ойнап жүріп сол жақ сіңірін жыртып алды. Ибрагим Коне Малидің ұлттық командасы сапында тобығын жарақаттап алды.