Роман Старченко Құрлықтық хоккей лигасындағы 400-ұпайын еншіледі

Роман Старченко Құрлықтық хоккей лигасындағы 400-ұпайын еншіледі
Хоккей

instagram.com/starchenko_48

37 жастағы шабуылшы кеше магнитогорскілік «Металлургке» қарсы өткен ойында гол соғып, әріптесіне нәтижелі пас берді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Осының арқасында ол лига тарихында 400 ұпай олжалаған бір қорғаушы мен 16 шабуылшының қатарына қосылды.

Қазіргі таңда Роман Старченконың қоржынында 210 гол мен 191 нәтижелі пас бар. Ол 400 ұпайдың 386-сын «Барыс» сапында еншілеген.

Кешегі матч 2:3 (ОТ) есебімен магнитогорскілік клуб пайдасына аяқталды.