Әлем чемпионатының финалы «Сантьяго Бернабеуде» өтуі мүмкін

Әлем чемпионатының финалы «Сантьяго Бернабеуде» өтуі мүмкін
Футбол

Sportbox

2030 жылғы әлем чемпионатының финалы Испания астанасы Мадридте «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтуі мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz.

Футболдан 24-ші әлем чемпионатының негізгі ойындарын Испания, Португалия және Марокко қабылдайды. Үш елде де финал өткізуге лайық алаңдар бар. Алайда бірқатар шетелдік БАҚ ақтық сынның «Реал Мадрид» клубының «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтуі мүмкін екенін хабарлауда.

Бұған дейін «Сантьяго Бернабеу» әлемдегі ең үздік стадион болып танылған еді.