Неймар отбасымен түскен суретін жариялады

Неймар отбасымен түскен суретін жариялады
Футбол

instagram.com/neymarjr

Әлемдегі ең танымал футболшылардың бірі Неймар Instagram-да отбасылық суретін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz.

11 қазанда жариялаеған суретте Бразилия құрамасының шабуылшысы екі баласын құшақтап ұйықтап жатқанын көруге болады. «Әл-Хиляль» шабуылшысы осыдан бірнеше күн бұрын қызды болып, сол үшін арнайы Бразилияға аттанған болатын.

Футболшының жанкүйерлері оның отбасына бақ-береке тілеген.

Айта кетейік, Неймар 19 жасында әке атанған. Оның Давид Лукка есімді ұлы бар. Ал 7 қазанда футболшы қызды болды. Сәбиге Мэви деп ат қойған.