Алонсо «Байерден» кетуі мүмкін: ол үшін арнайы талап бар
Чемпионат
«Бавария», «Реал» немесе «Ливерпуль» қызығушылық танытып жатса, леверкузендік «Байердің» бас жаттықтырушысы Хаби Алонсо келесі жазда клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz.
41 жастағы испаниялық маманның келісімшартында оған клубтан кетуге мүмкіндік қарастырылған.
Sport Bild мәліметінше, бұл опция тек жоғарыда аталған үш клуб үшін қолжетімді болады. Дегенмен олардың Алонсоны қаншаға сатып ала алатыны белгісіз. Испаниялық жаттықтырушының Леверкузен клубымен қазіргі келісімі 2026 жылдың жазына дейін жарамды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Хаби Алонсо «Реал Мадридтің» қазіргі бас бапкері Карло Анчелоттидің орнына басты үміткерлердің бірі екені айтылған, себебі Анчелоттидің клубпен келісімшарты келесі жазда аяқталады.
Қазіргі уақытта 41 жастағы Алонсо басқаратын «Байер» Бундеслига кестесінде 19 ұпаймен екінші орында тұр.