Неймар қызды болды

Неймар қызды болды
Футбол

Sportbox

«Әл-Хиляльдің» бразилиялық шабуылшысы Неймар Араб мемлекеттері лигасы аясында 7 қазан, сенбіге, жоспарланған «Әл-Ахдудпен» матчқа қатыспайды. Бұл туралы Championat.com-ға сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

Қазір футболшы Бразилияда – сүйіктісі Бруна Бианкарди мен жаңа туған сәбиінің қасында. Қыз балаға футболшы Мави деп ат қойған, бұл Неймардың екінші баласы. Футболшының Дави Лука есімді 12 жасар ұлы бар.

Естеріңізге сала кетейік, Неймар жазғы трансфер терезесінде «Әл-Хиляльға» ауысты. Ойыншының клубпен келісімшарты 2025 жылға дейін жасалған.

Осы маусымда Неймар Сауд Арабиясы чемпионатында үш матч өткізіп, екі нәтижелі пас берді.