«Барселона» алдағы жазда кез келген ойыншысын сатуға дайын

 «Барселона» алдағы жазда кез келген ойыншысын сатуға дайын
Футбол

championat.com

Каталонияның «Барселона» клубында қаржылық мәселелер шешімін табар емес. Бұл туралы Diario Sport-қа сілтеме жасай отырып BasSport.kz жазады.

Соңғы екі жазғы трансферлік терезеде каталондықтар жаңадан келгендер футболшыларды тіркеу үшін ойыншыларды сатуға немесе жалға беруге мәжбүр болды. Бірақ клуб қаржылық жағдайын дұрыстау үшін бірқатар футболшысын сатпақ болып ниеттенген. 2022 жылдың жазында Фрэнки де Йонгті сату әрекеті жүзеге аспаса, биылғы жазда Анса Фатиді сата алмады.

Дереккөздің хабарлауынша, 2024 жылдың жазында «Барселонаның» спорт директоры Деку негізгі құрамның барлық ойыншысына қатысты ұсыныстарды қарастырмақ. Ол клубтың бәсекеге қабілеттілігін жоғалтып алмас үшін трансфер мәселесін жаттықтырушылар құрамымен келіседі.

Негізі «Барселона» маусым қорытындысы бойынша алаңда ең аз ойнаған футболшыларды сатуды мақсат етіп отыр.