Килиан Мбаппе «Алтын доп» сауалнамасында кімге дауыс беретінін айтты
Футбол
championat.com
Француздың «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Килиан Мбаппе «Алтын допты» аргентиналық «Интер Майами» футболшысы Лионель Месси алуы керек деп санайды, деп жазады BasSport.kz.
Мен «Алтын доп» сауалнамасында Лео Мессиге дауыс беремін. Ол жеке көрсеткіштер бойынша жылдың үздік ойыншысы бола білді және бұл марапатқа әбден лайық, — дейді Мбаппе Х Football-ға берген сұхбатында.
Лионель Месси жазғы трансфер терезесінде ПСЖ-дан «Интер Майамиге» ауысты. Ойыншының клубпен келісімшарты 2025 жылдың желтоқсанына дейін жасалған. Осы маусымда футболшы барлық турнирде 12 матчқа қатысып, 11 гол авторы атанып, бес нәтижелі пас берді.
Мбаппе ағымдағы маусымда ПСЖ-да барлық турнирде сегіз матч өткізіп, сегіз гол соқты.