Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алды

Азиада 2023
Туризм және спорт министрлігі
Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында (Қытай) бокстан әйелдер арасындағы жарыстар өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.
57 келіде әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері, 27 жастағы Карина Ибрагимова Азия ойындарының 1/4 финалда моңғол спортшысы Намуун Монхорды 5-0 есебімен ұтып, жартылай финалға өтті.
Сондай-ақ бокстан Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды.
Еске салсақ, отандасымыз биыл әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген болатын.