Қазақстан құрамасы су добынан қола жүлде жеңіп алды

Қазақстан құрамасы су добынан қола жүлде жеңіп алды
Азиада 2023

Туризм және спорт министрлігі

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында су добынан жарыстыр аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Су добынан Қазақстан командасы көрші Өзбекстанды 16:8 есебімен жеңіп, 3-орынға ие болды.

2010 жылдан бері су добынан Азия ойындарына қатысып келе жатқан Қазақстанның әйелдер құрамасы алдымен — күміс, 2014 жылы — қола, 2018 жылы — күміс медаль алған болатын.