Скабелка "Барыстың" төртінші жеңілісін түсіндіріп берді

Скабелка
Хоккей

"Барыс" ХК

"Барыстың" бас бапкері Андрей Скабелка ҚХЛ чемпионаты аясында "Сібірге" қарсы матчтағы жеңіліске түсініктеме берді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Астанадағы ойын қонақтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталғанын айта кетейік.

"Бұл біздің күн сайын ойнап жатқан үшінші матчымыз. Үнемі қуып жетуіміз керек болды. Сондай-ақ Нижнекамскіде өткен ойында көп күш жұмсадық. "Сібірге" қарсы ойында жігіттерге сол жылдамдық жетіспеді, қателік те аз болмады. Не болса да жігіттерге алғыс айтқым келеді, олар бұл матчты соңына дейін құтқаруға тырысты. Мүмкіндік болды, бірақ, өкінішке қарай, нәтиже бермеді. Бірінші және соңғы ауысымда мұндай қателіктер жіберіп, қарсыласқа мұндай мүмкіндік беруге болмайды, - деді Скабелка матчтан кейін.

Осылайша астаналықтар осы маусымда "Сібірден" төртінші рет жеңілді. Ал жалпы "Барыс" 9 рет жеңіліп, 3 рет жеңіске жетті.

Енді "Барыс" 2-қазанда Минск қаласында "Динамомен" ойнайды.