«Барыс» шабуылшысы ҚХЛ-дың мергендер көшін бастады

Хоккей
Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін Астананың «Барыс» клубының америкалық шабуылшысы Райли Барбер бомбардирлер көшін бастады, деп хабарлайды Bassport.kz.
29 жастағы ойыншы лиганың үздік бомбардирі 18 ұпай жинап үлгерді. Яғни 6 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген. Ол 11 ойынға қатысқан.
ҚХЛ-дың топ-5 бомбардирі:
1. Райли Барбер («Барыс» Астана) – 18 (6+12) ұпай;
2. Николай Голдобин («Спартак» Мәскеу) – 17 (9+8) ұпай;
3. Павел Порядин («Спартак» Мәскеу) – 13 (5+8) ұпай;
4. Николай Коваленко («Торпедо» Нижний Новгород) – 13 (4+9) ұпай;
5. Никита Гусев («Динамо» Мәскеу) — 13 (3+10) ұпай.