Назым Қызайбай Азия ойындарын аяқтады

Назым Қызайбай Азия ойындарын аяқтады
Бокс
Азиада 2023

Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында екінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады BasSport.kz.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы Қызайбайдың қарсыласы Моңғолиядан келген Есуген Оюунцэцэг болды. Жекпе-жектің нәтижесінде төрешілер жеңісті Оюнцэцэгке берді.

Айта кетейік, екінші раундта төреші ескертуден кейін Қызайбайдан бір ұпай алып тастады. Осылайша, моңғол спортшысы жартылай финалға шығып, кем дегенде қола медаль еншілеп тұр. Ал Азия ойындарын осымен аяқтады.

Еске сала кетейік, турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде Назым Қызайбай Непал өкілі Сумма Тамангті (5:0) жеңген болатын.