Александр Недовесов АТР 250 Astana Open турнирінің ширек финалына шықты

Александр Недовесов АТР 250 Astana Open турнирінің ширек финалына шықты
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Астанада ATP 250 Astana Open сериясындағы турнирдің жұптық сындағы алғашқы матчтары өтті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

Жұптық сын бойынша Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Недовесов Эквадор өкілі Гонсало Эскобармен бірге бірінші айналымда Себастьян Баэс (Аргентина) пен Бернабе Сапата Миральесті (Испания) 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. 

Александр мен Гонсалоның ¼ финалындағы қарсыластар кейінірек анықталады.



Дэвис кубогынан кейін мен Астанада болып, осы турнирге жақсылап дайындалу үшін Қытайдағы турнирлер сериясынан бас тарттым. Маған бұл корттар жақсы таныс, сондықтан тез бейімделдім және бүгінгі матчқа және жалпы жеңіске өте разымын. Мен әрқашан өзіме барынша мақсаттар мен міндеттер қоямын, ал өз еліңде ойнау – екі есе жауапкершілік, сондықтан Астанадағы осы турнирде жеңіске жеткім келеді, - деді Александр Недовесов матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.