«Барыс» тартысты матчта «Адмиралға» есе жіберді

Хоккей
«Барыс» ХК
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында «Барыс» пен «Адмирал» арасында тартысты матч өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Астанада өткен кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Егер бірінші кезеңде астаналықтар сылбыр қимылдаса, екінші кезеңде ойындарына жан бітіп, 0:2 есебімен ұтылып тұрған жерінен таразы басын теңестірді. Қонақтар сапынан Джованни Фиоре (2-минут) және Прохор Корбит (25-ші) мергендік танытты.
Бұған Андрей Скабелка шәкірттерінен Понтус Оберг (39-шы) пен Райли Барбер (44-ші) дәл соққыларымен жауап берді.
Жеңімпаз овертаймда да анықталған жоқ. Ал буллитте сәттілік «Адмирал» тарапында болды - 2:1.