«Манчестер Юнайтед» бас бапкеріне қатысты шешім қабылдады
Футбол
FootballHD
Ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командасы бас жаттықтырушы Эрик тен Хагпен келісімшартты ұзарту бойынша келіссөздер жүргізбек, деп хабарлайды BasSport.kz.
Бұл туралы 90min хабарлайды. Дереккөздің хабарлауынша, бас директор Ричард Арнольд пен спорт директоры Джон Метро Нидерланд маманының жұмысына өте риза және оған толық қолдау көрсетуге дайын.
Эрик тен Хагтың «Манчестер Юнайтедпен» қазіргі келісімі 2025 жылдың маусымына дейін тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігімен есептелген.
Ағылшын премьер-лигасының алты турынан кейін «қызыл сойқандар» тоғыз ұпай жинап, турнирлік кестеде тоғызыншы орында келеді.