18 жастағы қазақстандық теннисшінің WTA рейтингіндегі орны жоғарылады

18 жастағы қазақстандық теннисшінің WTA рейтингіндегі орны жоғарылады
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова WTA жаңартылған рейтингіндегі орнын жақсартты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып BasSport.kz

хабарлайды. 18 жастағы Қазақстан теннисшісі өткен апта қорытындысы бойынша рейтингте 76 сатыға жоғарылап, енді 746-орында тұр.

Сағындықова бір ай ішінде 310 сатыға көтерілгенін айта кетейік, бұған дейін ол 1056-қатарда тұрған болатын.