«Алтын допқа» үміткер жарты жылда алғашқы голын соқты

«Алтын допқа» үміткер жарты жылда алғашқы голын соқты
Футбол

«Наполи» ФК

Италияның «Наполи» клубының жартылай қорғаушысы Хвича Кварацхелия голсыз сериясын үзді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Грузиялық жартылай қорғаушы футболдан Италия чемпионатының алтыншы турында «Удинеземен» матчта мергендік танытты. Сонымен қатар ол Джованни Симеонеге нәтижелі пас берді.

Бұған дейін Кварацхелия 19 наурызда гол соққан. Ол кезде Италия чемпионатында «Ториноның» қақпасын дәл көздеген (4:0). Сонан соң «Наполи» мен Грузия құрамасының сапында 23 матч бойы гол соққан жоқ. Тек бір рет нәтижелі пас берген.

Өткен маусымда Кварацхелия барлық турнирде «Наполиде» 43 матч өткізіп, 14 гол соғып және 14 нәтижелі паспен көзге түскен. Сол үшін де ол «Алтын допқа» үміткерлері тізіміне енген болатын.