Қазақстанның бірінші ракеткасы Қытайда ширек финалға шыға алмады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Қытайда ширек финалға шыға алмады
Теннис

olympic.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Нинбо (Қытай) турнирінде жұптық сында екінші матчын өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ресейлік теннисші Александра Пановамен жұптасқан қазақстандық теннисші қытайлық дуэт Ханью Гуо-Синья Янмен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша жеңіліп қалды – 7:5, 0:6, 6:10.

Кездесу бір сағат 29 минутқа созылды.

Естеріңізде болса, Данилина финляндиялық теннисші Харри Хелиоваармен аралас жұпта АҚШ ашық чемпионатында (US Open) жеңімпаз атанды.