Тимур Мауленов ATP 250 Astana Open турнирінде жарыс жолын аяқтады

Тимур Мауленов ATP 250 Astana Open турнирінде жарыс жолын аяқтады
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Beeline Arena ұлттық теннис орталығында ATP 250 Astana Open турнирінің іріктеу кезеңінің ойындары аяқталды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды. 

Жарыс ұйымдастырушыларынан Wild card алған қазақстандық Тимур Мәуленов екі сетте француз Александр Мюлерге (әлемнің 84-ші ракеткасы) 4:6, 2:6 есебімен ұтылып қалды.

Ресейлік Әлібек Качмазов (әлемнің 319-шы ракеткасы) венгр Фабио Марожанды (әлемнің 92-ші ракеткасы) 6:2, 6:4 есебімен жеңсе, белорус өкілі Егор Герасимов (әлемнің 664-ші ракеткасы) бельгиялық Зизу Бергсті (әлемнің 172-ші ракеткасы) – 6:4, 6:4 есебімен оңай жеңді.

Бергс 2021 жылы Алматыда өткен «Челленджер» санатындағы турнирдің финалында біздің Тимофей Скатовты ұтқан болатын.

Бірінші ойын күнінің нәтижелері:

Таро Даниэль (Жапония) 7:5, 7:6 Стефано Наполитано (Италия);

Игорь Родионов (Аустрия) 6:1, 6:2 Евгений Донской (Ресей);

Шо Шимбакюро (Жапония) 6:0, 2:6, 6:2 Саба Пуртселадзе (Грузия);

Киммер Копьянс (Бельгия) 6:4, 0:1, Рубин Стэтхем (Жаңа Зеландия);

Дамир Джумхур (Босния и Герцеговина) 7:6, 6:3, Доминик Палан (Чехия).