Дзюдодан Азия ойындарының жеребесі тартылды
ҚР ҰОК
Қытайдың Ханчжоу қаласында басталған Азия ойындарында дзюдо күресінен жеребе тартылды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ерлер арасында 60 келіде күресетін Мағжан Шамшадин ауғанстандық балуанмпе кездеседі. Оны жеңсе, биыл әлем чемпионатында екінші орын алған өзбек Дилшодбек Баратовпен жолығуы мүмкін. 2021 жылы әлем чемпионатында күміс медаль алған Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) бірінші айналымда бос. Одан кейін Бутан немесе Ливан дзюдошыларының бірімен жолығады.
Данияр Шамшаев (73 келі) алғашқы айналымда бос. Сосын Йемен және Гонгонг спортшыларының жеңгенімен кездеседі. Ширек финалда бес дүркін әлем чемпионы жапон Соити Хасимотомен кездесе алады.
Абылайхан Жұбаназар (81 келі) Гонгонг балуанына қарсылас атанды.
Дидар Хамза (90 келі) бірінші кезеңде бос. Одан кейін Филмппин және Ирак балуанының мықтысымен жолығады. Бұл топта өзбекстандық, 2022 жылғы әлем чемпионы Давлат Бобонов бар.
Нұрлыхан Шархан (100келі) бірінші кезекте Бахрейн балуаны тұр. Сосын жапонмен жолығуы мүмкін. Ғалымжан Қырықбай (+100 келі) Непал балуанына түсті. Оны жеңсе, өзбекстандық Әлішер Юсуповпен кездеседі.
Қыздардан Абиба Әбужақынова (48 келі) алғашқы айналымдарда жеребе жеңіл түсті. Ол Филиппин балауанына қарсылас атанды. Ғалия Тыныбаеваның (52 келі) қарсыласы қытайлық татами иесі.
Севара Нышанбаева (57 келі) тәжік балуанымен, Эсмигюль Куюлова (63 келі) моңғол спортшысымен, Анастасия Маякова (70 келі) ирандықпен, Аруна Жанкелдина (78 келі) Йемен, Камила Берліқаш (+78 келі) Моңғолия дзюдошымен жолығады.