Лионель Месси «Алтын доптарын» қайда сақтайтынын айтты

Лионель Месси «Алтын доптарын» қайда сақтайтынын айтты
Футбол

©twitter.com/WeAreMessi

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси «Алтын доптарын» қай жерде сақтайтынын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Аргентиналықтың еншісінде жеті «Алтын доп» бар.

Мендегі бар марапат Барселонадағы музейімде сақтаулы. «Алтын доптар» да, «Алтын бутсы» мен жейделер де сонда, - деді Месси As-ке берген сұхбатында. Дәл қазір Лео биылғы «Алтын доптың» басты үміткері болып тұр.

«Алтын допты» марапаттау рәсімі 30 қазанда өтеді.

Былтыр бұл марапатты «Реал Мадридтің» сол кездегі ойыншысы Карим Бензема алған.