«Бавария» Чемпиондар лигасында екі рекорд орнатты

«Бавария» Чемпиондар лигасында екі рекорд орнатты
Футбол

©instagram.com/fcbayern/

Мюнхеннің «Бавария» клубы Чемпиондар лигасының 2023/24 маусымын жеңіспен бастады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Мюнхен клубы ағылшынның «Манчестер Юнайтедін» 4:3 есебімен жеңді. Осылайша, неміс клубы ең беделді еурокубоктың топтық кезеңінде жеңісті сериясын 35 матчқа дейін созды – бұл Чемпиондар лигасының рекорды.

Сондай-ақ «Бавария» топтық кезеңде қатарынан 14-жеңіске жетті, бұл да рекордтық көрсеткіш.

Мюнхендіктер соңғы рет 2017 жылдың қыркүйегінде ЧЛ-нің топтық кезеңінде жеңіліп қалды. Ол кезде «Бавария» француздың «Пари Сен-Жермен» клубынан ұтылды (0:3). Содан бері Мюнхен клубы 32 жеңіске жетіп, үш рет тең түсті.