Шавкат Рахмонов: Фергюсон сияқты шалмен шығуға ниет жоқ

Шавкат Рахмонов: Фергюсон сияқты шалмен шығуға ниет жоқ
Басқа

Қазақстандық файтер Шавкаттан Рахмонов өзінің UFC-дегі жоспары туралы бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Instagram-да тікелей эфир жүргізген Шавкат атақты Тони Фергюсон туралы пікір білдірді.

"Егер Фергюсон менімен жекпе-жекке келіссе де, мен 1 апта ішінде ол жаққа барып, онымен төбелесуге уақытым болмайды. Мұндай шалмен шығуға ниет те жоқ. Керісінше жастармен, күштілермен шыққым келеді. Гастелум күшті еді, бірақ неге екенін білмеймін, бас тартты. Соған көңіл-күйім түсіп қалды. Құдай қаласа, шығамыз. Қарсыласыңды білмей дайындалу да қиын екен, - деді ол.