Месси алаңнан кеткен соң "Интер Майами" қарсылас қақпасына төрт гол соқты

Месси алаңнан кеткен соң
Футбол

©instagram.com/intermiamicf/

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси өнер көрсететін "Интер Майами" МЛС-де "Торонтоны" жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Командалар арасындағы кездесу Форт-Лодердейлдегі "Интер Майами" стадионында өтіп, 4:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Месси алаңға негізгі құрамда шыққанымен, алғашқы таймда-ақ орнын Роберт Тэйлорға босатып берді. Бұл кезде есеп 0:0 болатын.

Месси алаңнан кеткен соң "Интер Майами" "Торонто" қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. Аргентиналықты алмастырған Тэйлор дубль авторы атанып, бір нәтижелі пас берді.

Сонымен қатар Факундо Фариас пен Бенджамин Кремаски де мергендік танытты.