Қазақстан футзалшылары Румыния командасын жеңді

Футзал
Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық іріктеу кезеңіндегі екінші ойынын Румынияға қарсы өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ел құрамасы А тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Румыния, Әзербайжан және Нидерланд құрамалары.
1-турда Қазақстан құрамасы Нидерландтан 2:0 есебімен басым түсті.
Ал Румыния футзалшыларын 4:3 есебімен жеңді.
Голдарды соққан: Дуглас 2, Альберт Ақбалықов 11, Эдсон 15, Біржан Оразов 20 - Саболч Маня 4, 36, Андре Сассе 32.