«Барселонаның» 16 жасар ойыншысы Чемпиондар лигасындағы рекордты жаңартты
UA-Football
«Антверпенмен» матчқа 16 жас және 68 күнде шыққан «Барселонаның» шабуылшысы Ламин Ямал Чемпиондар лигасында дебют жасаған команданың ең жас ойыншысы атанды. Бұл туралы Championat.com-ға сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.
Сонымен қатар Ямал турнир тарихындағы Юссуфа Мукокодан кейінгі екінші ең жас дебютант болды. Мукоко 2020 жылдың 8 желтоқсанында «Зенитпен» матчта «Боруссияда» 16 жастан 18 күн асқанда Чемпиондар лигасында ойнады.
Естеріңізге сала кетейік, 19 қыркүйек күні Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 1-турында испаниялық «Барселона» мен бельгиялық «Антверпен» кездескен.
Кездесу Барселонадағы «Олимпик Льюис Компанис» стадионында өтті. Ойынға Раду Петреску (Румыния) бастаған төрешілер бригадасы қызмет етті. Матч 5:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Ямал 68-минутта дубль авторы атанған Джоа Феликстің орнына алаңға шықты.